2024 жылғы 30 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК № 8 мектеп-лицей базасында «Тәуелділік мінез-құлыққа бейім балалар: түзету және алдын алу тәсілдері» тақырыбында оқыту семинар ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты: тәуелділіктің әртүрлі формаларына бейім балалармен жұмыс жасауда мектеп психологтарының білімін тереңдету, сондай-ақ жасөспірімдерге осы бағытта көмек көрсететін түрлі ұйымдармен ынтымақтастық орнату.
Семинарда психологиялық сүйемелдеу бөлімінің басшысы Г. К. Капанова әртүрлі тәуелділікке бейім балаларды анықтаудың өзектілігін атап өтті. Спикерлер ретінде жастар мен жасөспірімдердің аддиктивті мінез-құлқын түзету жұмысында тәжірибесі мол «Көмек» орталығының мамандары шақырылып, орталықтың директоры А. Әбдікәрімов тәуелді және үйлесімді клиенттердің мінез-құлқының қандай болатынын сипаттап көрсетті. Психолог аддиктолог Зыкин А. В. тәуелділік мінез-құлқының қалыптасу себептері туралы баяндаса, отбасылық психолог, психосоматика маманы Литвинова С. отбасылық тәрбиеде тәуелді мінез-құлықтың қалыптасуына тоқталды. Сонымен қатар, Тугелбаев О. балалардағы лудоманияға бейімділіктің ерте қалыптасуы туралы қызықты материал ұсынып, полимадалды психолог А. Матаева балалар мен жасөспірімдерде лудоманияға бейімділіктің дамуына әсер ететін факторларды атап көрсетті.
Семинар барысында мектеп психологтары практик мамандарға сұрақтарын қойып, нақты жауап алды, сонымен қатар семинар тыңдаушыларына бөлім әдіскерлері психологиялық-ағартушылық жұмыс үшін «Телефонға тәуелділігіңді сындыр» бейнеролигі мен «Одержимость» деректі фильмін ұсынды. Семинарға елорда мектептерінің 42 педагог-психологтер қатысты.
Өкінішке орай, бүгінде балалар, жасөспірімдер мен жастардағы тәуелділіктің әртүрлі түрлерінің тізімі кеңейіп келеді. Бұл тек нашақорлық, вейпинг қана емес, сонымен қатар, номофобия, селфимания, интернетке тәуелділік, лудомания. Осыған байланысты бүгінде әрбір ата-ана балада тәуелділік мінез-құлқының алғашқы белгілеріне уақтылы назар аударып, мамандардан уақтылы көмек алулары керектігі айтылды.