«ІЛИЯС ЖАҚҚАН ШАМШЫРАҚ» ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР

2024 жылдың 30 сәуір күні күні Әдістемелік орталықтың қолдауымен жылы Ілияс Жансүгіров атныдағы №58 мектеп-гимназиясы Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдық мерейтойына орай «Ілияс жаққан шамшырақ» практикалық семинар өткізді.

      Семинарға Талдықорған қаласынан ақынның немересіС. Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының актрисасы Жансүгірова Нұржібек Күлмесханқызы, Жетісу университетінің профессоры, ҚР  «Жазушылар» одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы Муратбек Имангазинов, М.Тынышбаев атындағы Жетісу облыстық тарихи өлкетану мұражайының директоры Аязбаева Рысжан Әбсәметқызы, І.Жансүгіров мұражайының директоры, ҚР мәдениет саласының еңбек сіңірген қайраткері-Жауынбаева Нургүл Қызырбекқызы, Термеші, Ілияс Жансүгіров әндерін насихаттаушы Сармантай Сафи Еркінұлы қонақ болып, ілиястану саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған