Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, ТжКБ бөлімі жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылғы 30 сәуір күні «URBAN COLLEGE» ЖШС әдістемелік күн өтті.
Әдістемелік күн барысында колледж оқытушыларының сабақтарына қатысып, талдау жасалынды.
Сонымен қатар, колледждің оқу-әдістемелік қызметі, тәрбие жұмысы бойынша құжаттамалардың жүргізілу барысы зерделеніп, әдістемелік ұсыныстар берілді.
«Әдістемелік күн» өткізуді өте жақсы ұйымдастырған, осы іс-шара арқылы әдістемелік бағыттағы сауаттылығымызды арттырып, көптегенпайдалы кеңестер аламыз! Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз!