Астана қаласының білім беру ұйымдарындағы жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потенциалын белсендіру, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау, педагогтердің инновациялық белсенділіктерін дамыту мақсатында «ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» байқауы өтті.
Байқауға еңбек өтілі 3 жылға дейінгі 46 жас маман қатысты. Бірінші кезеңде «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбында эссе жазды. Екінші кезеңде «Шығармашылық жолдың бастамасы» бейнепрезентация жасады. Екі кезеңнен іріктеліп алынған 9 жас маман 3-кезеңде ашық сабақтар өткізді. Нәтижесінде, №82 мамандандырылған мектеп-лицейінің «Тарих» пәнінің мұғалімі Шыңғысханқызы Ақнұр 1-орын, №35 мектеп-лицейінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т2) пәнінің мұғалімі Қабылов Миіржан Рамазанұлы 2-орын, №26 мектеп-гимназиясының «Ағылшын тілі» пәнінің мұғалімі Абишева Сара Аулехановна 3-орынды иеленді. Жеңімпаздар 2025 жылы өтетін республикалық байқауда елорда намысын қорғайтын болады. Жас мамандарымызға сәттілік тілейміз.