Жаңа білімге заманауи көзқарас

2024 жылдың 25 сәуір күні Астана қаласының №95 мектеп-лицей базасында қалалық  семинар өткізілді.

Семинардың пленарлық бөлімінде «Жаңа білімге заманауи көзқарас» тақырыбында  №95 мектеп-лицей директорының бейін жөніндегі орынбасары Көшкимбаева Асыл Сапаровна, «Жаңа циклді пәндерін оқытудағы ақпараттық коммуникациялық технологиялар тиімдігі» тақырыбында Әдістемелік орталықтың әдіскері Ш.Шакирова,  «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» тақырыбында Әдістемелік орталықтың әдіскері Г.Б.Мырзағұлова сөйлеп, семинарға қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.

      Практикалық бөлімде химия, биология, география секцияларына бөлініп, әр пәндер бойынша спикерлер қатысушылармен бірлескен жұмыс түрлерін көрсетті.

       Мектеп психологі «Шағын психологиялық тренинг» арқылы семинарды қорытындылады.

       Барлық қатысушыларға және спикерлерге алғыс білдіре отырып, шығармашылық табыстар тілейміз.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *