Француз тілін үйретуде мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастықтың тиімділігі

2024 жылғы 26 сәуір күні «Нұркен Әбдіров атындағы №55 «балабақша-орта мектеп» кешенінде «Француз тілін үйретуде мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастықтың тиімділігі» тақырыбында жүргізілген эксперименттік алаң жұмысын қорытындылау мақсатында қалалық семинар өтті. Аталған семинарға 38 мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш сынып педагогтері қатысты.

Іс-шараның пленарлық бөлімінде кешен әдіскері – Кабланбекова Алмагүл Амантайқызы қатысушыларға позитивті көңіл-күй сыйлау мақсатында тренинг ұйымдастырып, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бекмагамбетова Гүлсара Тулегенқызы үш жыл бойы жүргізілген эксперименттік алаң жұмысын қорытындылап, кешен жетістіктерімен бөлісті.

Тәжірибелік бөлімде балабақша бүлдіршіндері «Мамандықтар қалашығы», «Менің отбасым», «Достықсыз өмір қызықсыз» атты сюжетті-рөлдік, музыкалық сахналық қойылымдар көрсетті.

Семинар соңында, қатысушылар білім алушылардың француз тілінде сөйлеу деңгейлерінің жоғары екендігін, әртістік қабілеттерін сюжеттік-рөлдік ойындарда, сахналық қойылымдарда көрсете білгендерін атап өтіп кері байланыстарын берді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *