Замануи ақпараттық технологияларды пайдалану дағдыларын қалыптастыру

2024 жылғы 26 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес Ш.Мұртаза атындағы № 63 мектеп-гимназиясында «Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында қалалық семинар өткізді.

Семинардың мақсаты: сабақта және сабақтан тыс қызметте жаһандық құзыреттілікті қалыптастыруда оқушылардың заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану дағдыларының ерешеліктерімен таныстыру. Семинарға білім беру ұйымдарының Жаһандық құзыреттіліктен сабақ беретін мұғалімдер және педагог – психологтары  қатысты.

      Семинар   барысында қатысушыларымен   ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттер, «Кейс- әдісі»,  «Ай-Күн және  Пульс» сергіту сәті, психологиялық тренинг  «Қағаз оркестрі», «Дене биі»  және түрлі тәсілдерін пайдалана отырып шебер – сыныптар өткізілді. Іс – шара соңында  қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп,  ұсыныстар мен пікірлер айтылып, ойларын ортаға салды. 

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған