2024 жылғы 25 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес № 1 «Бәйтерек» балабақшасында «Инклюзивті білім беруді іске асыру үшін қолайлы білім беру ортасын және білім беру процесін құру» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Мақсаты: балабақшада балалармен жұмыс жасауда инновациялық әдістер мен технологияларды қолданудың педагогикалық тәжірибесін жалпылау.
Іс-шара барысында балабақша педагогтері шеберлік сыныптар, ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттер өткізді.
Семинарда «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс барысында инновациялық технологияны қолдану», «RODGER» жүйесі,
«Мектеп жасына дейінгі баланың дыбыстық айтылымы бұзылған кезде ұйымдастырушылық қызметте ойын элементтерін қолдану», «Қазақ тілін оқытудағы ойын технологияларының маңыздылығы», «Ойын терапиясы эмоционалды интеллектті дамыту құралы ретінде», «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен дәстүрден тыс сурет салу техникасы», «Музыкалық ойын әдістерін білу», «Инклюзивті білім беруді іске асыру үшін қолайлы білім беру ортасын және білім беру процесін құру» тақырыптары қамтылды.
Қолайлы білім беру ортасы мен білім беру процесін құру – ұзақ және сапалы дайындықты қажет ететін процесс. Семинардың практикалық маңыздылығы ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша балабақша ұжымының жұмыс тәжірибесін жинақтаудан тұрады, сондай-ақ пәндік-кеңістіктік даму ортасы бөлігінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделінің мазмұнын іске асыру болып табылады.