«АСЫЛ СӨЗДІ ІЗДЕСЕҢ, АБАЙДЫ ОҚЫ, ЕРІНБЕ» ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР

2024 жылдың  25 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталағы» МКҚК қолдауымен  «Бала Абай» эксперименттік алаң аясында «Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК  бастауыш сынып бірлестігі «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» қалалық семинар өткізді.

«Бала Абай» эксперименттік алаң бойынша жыл бойы жасалған жұмыстың нәтижесін көрсетіп, іс-тәжірибемен бөлісу мақсатында өткен семинарға эксперименттік алаңға қатысатын мектептерден 45 мұғалім қатысты. Ұстаздарды 4-сынып оқушылары жанды дәліз құрып, оркестр күй шертіп,  күтіп алды. Семинардың ашылуы «Абай – дана, Абай – дара»  тақырыбы бойынша мектеп директоры Жангазакова Қ.Е. семинардың ашылуында салтанатында сөз сөйлеп, барлық жиналған қауымға жылы лебізін білдірді. Келген қонақтарға жағымды көңіл-күй сыйлау мақсатында тренинг өткізілді.

          Әрі қарай ұстаздар мектептің Абай кабинетіне барып, «Абай  әжесі Зере, анасы Ұлжан» тақырыбында, 2-қабатта «Абай мен әкесі Құнанбай», 1-қабатта «Абай және бүгінгі заман» тақырыбында көріністерді көріп, өз ризашылықтарын білдіріп, қатысқан ата-аналардың, оқушылардың өнерлеріне тәнті болды.

          Семинарда 10 бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақтар өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Сабақтарға қатысқан ұстаздар, сабақтардың барлығы жоғары деңгейде өткендігіне ойларын білдірді. Өте көп жаңа әдіс-тәсілдерді көріп, тиімділіктерін атап өтті.

          «Құлақтан кіріп, бойды алар…..» тақырыбында Мәжіліс залында семинардың жабылу салтанаты өтті. Бұл концерттік бағдарламаға мектептің әжелер ансамблі, дарынды ата-аналар, оқушылар және бастауыш сынып мұғалімдері өздерінің әншілік өнерімен қатар, актерлік өнерлерін паш етті. Қатысқан ұстаздар кері байланыстарын беріп, ризашылықтарын білдіріп, өз алғыстарын айтты. Әдістемелік орталықтың әдіскері Маман Жанар Сейтахметқызы, «Абай әлемі» бағдарламасының авторы Алмахан Мұхаметқалиқызы семинар жайында өз ойымен бөлісіп, «Бала Абай» курсының қазіргі таңдағы маңыздылығын атап өтті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған