Жазғы демалыс кезеңінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша

2024 жылдың 22-23 сәуір күндері Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастырумен мектеп жанындағы лагерьлер үшін жазғы демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын бойынша оқыту семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты: жазғы демалыс кезінде балалардың демалысы мен сауықтыруын ұйымдастырудың тиімді қызметіне, сондай-ақ осы бағыт бойынша құжаттаманы жүргізуге, материалды жүйелеуге ықпал ету.

Семинарға білім беру ұйымдарының директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, әлеуметтік педагогтар, педагог-психологтар, мектеп тәлімгерлері және балалардың жазғы демалысына жауапты мамандары, барлығы 237 адам қатысты.

Оқыту семинар барысында «Әдістемелік орталығы» басшысының орынбасары нормативтік құжаттармен таныстырып, әдіскерлері «Мектеп жанындағы лагерь мен алаңдарды ұйымдастыру бойынша ұсыныстармен», «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында жазғы демалыс кезінде лагерь бағдарламаларына әлеуметтік тәжірибелерді қосу ұсынылды және төтенше жағдайлар департаментінің балалардың жазғы демалысына жауапты маманның спикерлер ретінде қатысып «Мектеп жанындағы лагерь үшін қауіпсіздік техникасы бойынша», санитарлық-эпидемиологиялық мамандары «Балалардың сауықтыру және білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» бойынша ақпаратпен бөлісті.

Қатысушылар өз ризашылықтары мен ұсыныстарын білдіріп, алдағы уақытта практикалық жағынан тәжірибе алмасуға екендіктерін білдірді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *