«Сабақ құрылымынданейрожелілер мен жаңа технологияларды қолдану» әдістемелік семинар

2024 жылдың 18 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен А. Байтұрсынұлы атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі  нейрожелілер мен жаңа технологияларды оқу үдерісінде қолдану бойынша  тәжірибе алмасу мақсатында  «Сабақ құрылымынданейрожелілер мен жаңа технологияларды қолдану»  әдістемелік семинар ұйымдастырды.

Семинарды директордың ғылыми орынбасары Дидар Төлемисова бастап, Сағадат  Әли мен  Карбоз Қолғанат Инабатұлы «Нейрожелілер, жасанды интеллектілердің оқу сапасына әсері» тренингті сәтті жүргізіп, семинарға қатысушыларға жағымды көңіл-күй сыйлады

Семинарға қатысушылар ары қарай шеберлік сабақтарға қатысып, өздеріне тәжірибе жинақтады.

Смаилова Айкен Исатаевна,  Мұхтарқызы Жанар  Мақсұт «Кіріктірілген сабақта  Web-парақшаны жобалау» тақырыбында,  Мурат Жупар  Мураткызы «Креативті оқыту тәсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында, Боканова Айгүл Ахметсапақызы мен Булатбаева Динара Нурумжановна «Оқытудың белсенді әдістерін сабақ жоспарлауда қолдану” тақырыбында шебер- сынып өткізді.

Ұстаздар мұғалімге қажет күрделі мақсаттар бойынша әріптестермен жұмыс жасай отырып, тереңіне шолу жасады. Бірнеше жыл қолданып жүрген әдіс- тәсілдерін ортаға салып, тиімділігін ұстаздарға тапсырма бере отырып қызығушылықтарын арттыра білді. Ахылбек Балжан Бертайқызы «Мектепте мұғалімдер мен оқушыларға кітап оқу клубын жүргізудегі нейрожелілердің ролі» туралы тың ой бөлісті.Нургожина  Дамелі Тасболатқызы «Шығармашылық форматтағы БЖБ жұмыстарын ұйымдастыру» туралы шығармашылық танытса,  Мәжит Нұртай Алтайұлы

 «QUIZ ойынын ұйымдастыруда нейрожеліні қолдану» туралы ұтымды жұмыс көрсетті.    Калибаева Сая  Уалихановна «Жасанды интеллекті  – зерттеу сабақтарында» қалай қолдануға болады деген тақырыпта шеберлік көрсетіп,өз тәжірибесімен бөлісіп,сабақ мақсаттарына сай тапсырмаларды ЖИ-да қолданудың ерекшеліктерімен таныстырды.  Белхожаева Динара  Жумабековна  Сулейменова Ғалия  Ермекбаевна  «Жасанды интелектіні қазақ тілі сабағында қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында шеберлік көрсетіп,ұтымды ой тастады.  Иманкалиева Еркежан Бауыржановна   семинарды ерекше рефлексиямен аяқтады.     

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *