«ТҰЛҒАСЫ БИІК ҰЛТ ҰСТАЗЫ»

2024 жылы 19 сәуір күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ жылдық жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті (Т1, Т2) пәні мұғалімдеріне арналған «Құрмет» орденінің иегері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, академик Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның еңбегіне арналған «Тұлғасы биік ұлт ұстазы» атты өңіраралық семинарын өткізді.
Қ.Бітібаева атындағы атаулы зертхана жұмыстарының озық тәжірибелерімен алмасу, атқарған қызметтерінің 10 жылдық есебімен бөлісу мақсатында жүргізілген шараға Астана қаласынан Әдістемелік орталық әдіскері Жанар Сейтахмет, №64 мектеп-лицейіндегі республикалық ғылыми-әдістемелік зертхана филиалдарының мүшесі Гаухар Асқанбекқызы қатысып қайтты.
Семинарға қатысушылар 16 ғылыми-әдістемелік зертхана филиалдарының жетекшілері Қ.Бітібаева технологиясының заманауи оқытумен үндестігі, зертханадағы шығармашылық ізденістің нәтижесі, ұстаздың педагогикалық идеялары мен тәжірибесіне негізделген зертхана жұмыстары, жеке тұлғаны шығармашылыққа баулу жолдары, тұлғаны дамытудың өнімді әдістері туралы пікірталас, оқу-саяхат, таныстырылым, баяндама, дискуссия формаларында ой қозғады, тәжірибе алмасты.
Іс-шараға қатысушылар тарапынан ұлт ұстазының ғылыми-әдістемелік еңбектерін насихаттау, тарату мақсатында әр өңірлерде пән мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік курстар өткізу, әдістемелік еңбектері кеңінен жария ету, ұстаздың туғанына 80 жыл толуына орай халықаралық, республикалық, облыстық деңгейде ғылыми-практикалық конференция, педагогикалық оқулар, семинарлар ұйымдастыру ұсыныстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған