«Педагог-хореографтың кәсіби имиджінің тұлғасы» қалалық вебинары

???2021 жылғы 30 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының жоспарына сай Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы «Педагог-хореографтың кәсіби имиджінің тұлғасы» қалалық вебинарын өткізді.
?Вебинардың мақсаты: қосымша білім беру педагогтерінің тәжірибесін тарату, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық деңгейін дамыту тұрғысынан хореографтың педагогикалық жетістіктерін көпшілікке тарату.
?Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының жетекші хореографтары балалар хореографиялық ұжымдарының жұмысы саласындағы өз тәжірибелерімен бөлісіп, әр хореографиялық бағыттың шексіз мүмкіндіктері мен өзін-өзі көрсету және дамыту жолдары, қыр-сырлары әртүрлі екенін көрсетті.
⚜️Вебинар бағдарламасында халықаралық ынтымақтастық мәселелері, ансамбль мен оның дәстүрлерін сақтау үшін баға жетпес шығармашылық тәжірибе туралы, би ұжымындағы ұлдардың рөлі, денсаулықты сақтау және нығайту үшін анатомия мен физиологияны білу, этнолингвистикалық орталықтардың би өнерінің өзіндік ерекшелігі туралы айтылды.
⚜️Спикерлердің бөліскен тәжірибелері білім білім беру кеңістігінде өзекті және сұранысқа ие. Мұндай кездесулер барлық қатысушылардың есінде жарқын із қалдырып, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға ықпал етеді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған