МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУҒА ЖАТАТЫН ЖЕКЕМЕНШІК БАЛАБАҚША БАСШЫЛАРЫНА ВЕБИНАР ӨТКІЗІЛДІ

2024 жылғы 23 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудың негізгі бағыттары мен жиі жіберілетін қателіктерді талқылау бойынша вебинар өткізді.

Мектепке дейінгі білім беру бөлімінің әдіскері Қ.С.Көшен вебинар тақырыбы мен мақсатын таныстырып, іс-шараға Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2023 жылғы 9 қарашадағы №441 бұйрығы негізінде мемлекеттік аттестаттаудан өтетін балабақша басшылары қатысып отырғанын атап өтті. Басшылар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Бағалау өлшемшарттары), өзін-өзі бағалауды әзірлеу және дайындау тәртібімен таныстырылды.

04.01.2024 ж. – 19.04.2024ж. аралығында 44 (20 мемлекеттік, 24 жекеменшік) мектепке дейінгі білім беру ұйымдары аттестаттаудан өтті. Оның ішінде: 29 мдұ аттестаттаудан өтсе, 15 мдұ қайта аттестаттауға құжат ұсынғаны туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, аттестаттаудан өту барысында ұсынылатын құжаттардың ішінде кадрлық әлеует бойынша ақпараттың ҰББДҚ толық толтырылмайтындығы, перспективалық жоспар мен циклограммаларда және мониторинг жүргізуде кететін қателіктер мен ескертулерге тоқталып өтті.

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК басшысы Дауешова Сындар Мұратқызы Мемлекеттік аттестаттау МЖМБС талаптарының сақталуын бақылау және профилактикалық бақылау түрінде білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткізілетінін атап өтті. Сондай-ақ, бағалау өлшемшарттарын, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарын қолдану бойынша түсініктемелер мен ұсыныстар берді. Әдіскерлердің балабақшаларға әдістемелік көмек көрсетуге дайын екенін, дегенмен ұйым басшысы мемлекеттік аттестаттауға қажетті құжаттардын даярлануына тікелей жауапты екенін атап өтті.

Вебинар соңында мемлекеттік аттестаттаудан өтетін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кестеге сәйкес әдістемелік көмек көрсету жалғастырылатыны және аттестаттаудан өтетін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына сәйкес аттестаттау құжаттарының мұқият әзірленуін қатаң бақылауға алатыны ескертілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *