Астана қаласы әкімдігінің МКҚК “Әдістемелік орталығының” психологиялық сүйемелдеу бөлімі 2024 жылдың 20-сәуір күні Алматы қаласының Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Астана қаласындағы орта білім беру ұйымдарында өндірістік іс-тәжірибеден өтіп жатқан студенттеріне “Психологиялық және арнайы білім беру трендттері: орта, ахуал, шеңбер, ерекшелік” тақырыбында семинар-тренинг жүргізді. Семинар-тренинг барысында қазіргі таңдағы арнайы білім беру саласындағы трендтерді, психологиялық ерекшеліктердің бүгіні мен ертеңі таныстырылды. Сонымен қатар, сабақ жүргізу барысында іске асатын психо-педагогикалық әдіс-тәсілдер түсінірілді.