Formation of reading literacy skills in English lessons

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК сәуір айының жоспарына сәйкес «М.Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясында» оқу дағдысын дамытып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісу мақсатында «Formation of reading literacy skills in English lessons» тақырыбында қалалық семинар өтті. Қала мектептерінің ағылшын тілі жас мамандары қатысқан семинарда мектеп-гимназиясынының директоры Елекеева Н.Ж, ағылшын тілі әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Искакова А.А, Әдістемелік орталығының орта білім беру бөлімінің әдіскері Қалмағанбетова Б.М білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары оқу сауаттылығының маңыздылығына тоқталып өтті. Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің ағылшын тілі мұғалімі Ескендір С.Қ «Empowering Learners: Reading Literacy strategies», №51 мектеп-гимназиясының мұғалімі Тымбаева Г.А «Developing reading literacy through critical thinking in English classes» тақырыбында шебер сынып, Искакова А.А, Исмаилова Г, Исабекова А.Ж., Кусаинова А.М, Талипова А.С, Сәрсенова А.Б, Даримбаева Н.Н, Жингылбаева Б.Ш ашық сабақ, Қыдырмолдина М.С, Құлымбетова С.П , Маткенова А.Е «English Quiz Game» интеллектуалды ойынын ұйымдастырды. Сонымен қатар қатысушылар мектеп оқушыларының орындауында керемет эмоцияға толы «Гамлет» қойылымынан үзіндіні тамашалады. Семинар қорытындысында педагогтар іс-шара құнды және маңызды ақпараттарға толы болғанын, тиімді әдіс-тәсілдерді үйренгенін, практикалық тұрғыда мол тәжірибе алғандары жайлы кері байланыс қалдырды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *