Педагогтерге арналған оқыту семинары

2024 жылғы 20 сәуір күні Әдістемелік орталықтың әдіскерлері № 72 мектеп-лицейінің педагогтері үшін кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша оқыту семинарын ұйымдастырды. Семинарға 170 педагог қатысты. Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріне психологиялық-педагогикалық қолдауға мұқтаж балалар анықталған жағдайда ұсыныстар мен іс-қимыл алгоритмі берілді. Семинар тыңдаушылары демалыс уақытында балалардың қауіпсіздігі аясында оқушыларды психологиялық қолдау тәсілдері бойынша әдістемелік нұсқаулар мен жадынамалар алды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған