Lesson study сабақты зерттеу: кәсіби даму, тәжірибе, сапалы білім

Астана қаласының «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2024 жылдың 19 сәуір күні сағат 09.00-де №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінде «Шеберден тәлім» жобасы аясында  «Lesson study сабақты зерттеу: кәсіби даму, тәжірибе, сапалы білім» қалалық семинары ұйымдастырылды.

      Мақсаты –«Сабақты зерттеу» және «Іс-әрекеттегі зерттеуді» іске асыратын жалпы білім беретін  Жетекші-серіктес № 82, 84 және 85 мектеп-лицей мұғалімдерінің зерттеу нәтижелерін ұсыну және тарату.

Аталған іс-шараға орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері  қатысты.           

Lesson Study —оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған педагогикалық тәсіл. 2018-2019  оқу жылынан бері №82 №84,№85 мектептер  бірлесіп Lesson Study  бағытында  жұмыс жасап келеді. Биылғы оқу жылында осы аталған мектептер іс-тәжірибемен бөлісу мақсатында қалалық семинар өткізді. Семинар 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең бойынша постерлік презентацияларды қорғау. Екінші практикалық кезеңінде, ашық сабақтар өткізілді. Ашық сабақтар  математика, химия, Қазақстан тарихы, қазақ тілі, орыс тілі пәндерінен өтіп, мұғалімдер тәжірибе алмасты. Үшінші кезеңінде  «Тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың зерттеу дағдысын дамыту»,  «Бастауыш сыныпта «Комикс»  арқылы оқуға қызығушылықтарын қалай арттырамыз?», «Ұлттық ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру», «Құқық негіздері» пәніндегі құндылықтарға негізделген білім беруде Action Research зерттеу тәсілінің ерекшеліктерін зерделеу, «Жасанды интеллектінің математикада қолданысы» тақырыптарында  шеберлік сыныптар өтті. 3 мектептің серіктестігімен және   55 мұғалімнің қатысуымен өткен Lesson Study тақырыбындағы қалалық семинарының кері байланысы бойынша, «Мұғалімдер тәжірибелерімен жоғары деңгейде бөлісіп, бәріміз үшін маңызы жоғары, өте жемісті семинар болды» деген пікірлер қалдырылды. Қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс берді. Қала мектептерінен 70 мұғалім қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған