Астана қаласы Білім басқармасы мен Астана қаласы «Әдістемелік орталығы» МКҚК бірлесе отырып 2024 жылы 19 сәуір күні онлайн форматта Астана қаласы білім беру ұйымдарының басшыларына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 16.04.2024 жылғы №79 бұйрығы негізінде педагогтерді аттестаттау үшін педагогтердің білімін бағалауды (ПББ) жүргізу мерзімдері бірінші рет тегін ағымдағы жылдың 18 сәуір мен 13 мамыр, екінші рет 10-31 шілде аралығында жүргізіледігі туралы ақпаратты нақтылады. Педагогтердің тестілеуге 18-19 сәуірде педагогтердің аз тіркелуіне байланысты онлайн-режимде https://app.testcenter.kz/ сілтеме бойынша тіркелу қажеттігі қайта ескертілді.
Тестілеуге Астана қаласы бойынша 8646 педагогтың қатысуын қамтамасыз ету, яғни аттестаттаудан өту үшін бақылау жүргізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы негізінде білім беру ұйымдарының басшыларының жауапкершілігінде екендігін тағы бір рет таныстырып өтті. Вебинар барысында қатысқан 178 білім беру ұйымдарының басшылары өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.