«Білім жолында» атты І Республикалық online – форум

2021 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жас педагогтер мен колледж студенттеріне арналған  «Білім жолында» атты І Республикалық online – форумы өтті.
Форумды ұйымдастырушылар: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК ҚР БҒМ мемлекет тарихы институты және «Басқару колледжі» ЖШС бірлесе отырып өткізді.
«Білім жолында» online-форумына қатысу үшін Алматы, Павлодар, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан,Түркістан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай және басқа облыстардан, сондай-ақ Атырау, Петропавл, Орал, Нұр- Сұлтан  қалаларынан 100-ден астам өтінім берілді.
           Іс-шараға қатысушылар үшін 21 ғасырдағы кәсіптік білім берудің өзекті мәселелері бойынша төрт интерактивті диалог алаңы ұйымдастырылды.
      Оқыту бағдарламасында жас педагогтер мен студенттер ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтының ғылыми-ақпарат бөлімнің басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Ж. Н. Қалиевпен,»Қаржы академиясы» АҚ Экономика және менеджмент кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Баяндинова А. М. және «Техникалық колледжінің» МКҚК арнайы пәндер оқытушысы, магистр Тулембаева С. Н. кездесті.
Оқу-тәрбие үрдісіне инновацияларды енгізу бойынша шебер -сынып»International Academy of Emotional Intelligence» сертификатталған тренері Ж.Нұркина, Roqed   IT – компаниясының әлеуметтік серіктестері А. М. Бектұрғанов және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 3 курс студенті М. Ерсаинова көрсетті.
   «Менің лайфхактарым» педагогикалық сессиясында жас педагогтарға тәжірибе алмасу мүмкіндігі берілді, ал «Менің мамандығымның болашағы» студенттік сессиясында болашақ мамандар өздерінің зерттеулері туралы айтып берді.
       Сессия отырыстарында 30-дан астам педагогтар мен студенттер сөз сөйледі.
Жұмыс қорытындысы бойынша сертификаттар мен алғыс хаттар беріліп, форум материалдарының жинағы шығарылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған