2024 жылғы 17 сәуір күні Астана қаласының Әдістемелік орталығы №24 «Айналайын» балабақшасы педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында десант ұйымдастырды.
Десант аясында мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне қатысты өзекті әдістемелік мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда, «Балабақшадағы инклюзивті орта» тақырыбында инклюзивті білім беру бөлімінің әдіскері А.Каримова ақпарат беріп өтсе, «Педагог- психолог қызметінің ерекшеліктері және оны жетілдіру жолдарына» психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскері А.Исабекова назар аудару керектігін атап өтті.
«Үлгілік бағдарлама негізінде перспективалық жоспар және циклограмманы жазудың ерекшеліктері», «Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізудің негізгі тәсілдері мен баланың жеке даму картасын толтыру» талаптары бойынша» әдіскер Қ. Көшен тоқталып өтті.
Сонымен қатар, «Педагогикалық Sabaqtastyq» жобасы аясында балабақша мен бастауыш сынып арасындағы байланысты нығайтуда жүргізілетін іс-шараларға әдіскер Б.Әзімбай түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Орталық әдіскерлері мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтеріне өзекті болып табылатын нормативтік құжаттармен таныстырды.
Десант соңында қорытынды жасалынып, рефлексия жүргізілді. Педагогтер тиімді кері байланыс беріп, ой-пікірлерімен бөлісті. Тәрбиешілер өздерін толғантқан сұрақтарға толыққанды жауап алды.
«Әдістемелік десант» жобасы аясындағы жұмыс өз жалғасын табады.