2024 жылдың 17 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мен «Жүсіпбек Аймауытов атындағы № 24 орта мектеп» ШЖҚ МКК ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдеріне «Жас маман: іздеу, оқыту, қолдану» атты қалалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: Жас мамандардың инновациялық технологияларды қолдана отырып, жаңаша форматта жұмыс жасауына бағыт-бағдар беру. Семинарға қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Алғы сөзді мектеп директоры С.С. Калиев және Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» әдіскері Н.К.Әзімбай «Жапония еліндегі бастауыш білім беру ерекшеліктері» тақырыбында бастады.
Қалалық семинарда іс-тәжірибесі мол ұстаздар жас мамандарға арнап ашық сабақтар көрсетті. Өз тәжірибелерімен бөліскен А.Тапенова, Б.Тулебаева, Л.Султанова, Б.Медеуова, Р.Сейпілова, Г.Жомартова, А. Нұрғаи, А. Исаханова, А. Бейсмолдаева, А. Скакова, Г. Шакиржанова, Г. Бимағамбетова инновациялық технологияларды қолдана отырып, жаңаша форматтағы жұмыс түрлерін көрсетті.
Іс-шара жас маманның кәсіби, тұлғалық өсуіне бағытталған коучинг, тренинг, шебер-сыныптармен жалғасын тапты.
Семинар соңында, ұстаздар семинардан алған әсерлері туралы ой бөлісіп, кері байланыстарын берді.