2024 жылғы 13 сәуірінде Әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қолдауымен, Ы.Алтынсарин атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейімен бірлескен рухани және мәдени құндылығымызды қайта жаңғырту, болашақ ұрпағымызды, салт-дәстүрімізді құрметтеуге баулу мақсатында «Мектептегі музыка сабағында жаңа технология әдіс-тәсілдерін қолдану үрдісі» тақырыбында музыка мұғалімдеріне арналған республикалық семинар-практикум өтті.
Семинардың мақсаты білім алушыларды кешенді дамытуда өзекті мәселелерді шешуге және және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындауға педагогтер әлеуетін бағыттау, озық инновациялық тәжірибені таратуға ықпал ету, ұлттық салт-дәстүр арқылы білім алушының ынтымақтастығы мен санасын қалыптастыру.
«Ұлттық құндылықтар негізінде музыка пәнін оқыту: теория мен тәжірибе» тақырыбындағы пленарлық отырысынан бастау алған семинар «Заманауи білім беру жүйесіндегі мұғалім және оқушы» тақырыбындағы Шеберлік сыныптармен жалғасын тапты.
Семинар 5 бағыттаоқыту әдістемесі, оқытудағы инновация, мектеп әндері, қолөнер шеберлерінің ұлт аспаптар көрмесі, «Балалар әндері» ән жинақтарының көрмесі аталымында ұстаздар өз іс-тәжірибелерін ортаға салды.
Республикалық семинардың пленарлық отырысында ҚазҰӨУ профессоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткер Токтаган Айтжан ағамыз,тренер, оқулықтардың авторы, әдіскер «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» Оспанова Анар Досановна, ҚР композиторлар Одағының мүшесі, балалар композиторы, Мәдениет қайраткері, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері, ҚР білім беру ісінің үздігі Маханбетова Алтын Шахзадақызы,ҚазҰӨУ оқытушысы, күйші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дүйсенгазиев Бақытжан Бейсенбаевич,ҚазҰӨУ аға оқытушысы, магистр, PhD докторантыРыскулов Куаныш Токтарбаевичжәне еліміздің түкпір-түкпіріненАлматы, Қарағанды, Жетісу, Абай облысы, Қызылорда, Ақмола, Степногорск, БҚО, Ақтөбе, Түркістан, Шымкент, Қостанай, ШҚО, Риддер, Павлодар облыстарынан
келген музыка пәні педагогтерінің тәжірибе алмасу алаңы шебер сабақтарымен жалғасын тапты. Шебер сынып тақырыптары: «Кіші балалар хорында екі дауыста шығармалар үйретудің алғашқы кезеңдері» (Ж.Т.Нурумбетова,Астана қаласы, Тәттімбет атындағы №1 Өнер мектебі), «Алғашқы домбыра үйренудегі сандық жүйемен оқытылу әдістері»(Б.Д.Бейсенбаевич,ҚазҰӨУ «Вокалдық өнер және хор дирижерлау» ПЦК оқытушысы, күйші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері), «Эстрада сыныбында дауыс жаттығуларымен жұмыс жасау ерекшеліктері» Қ.Т.Рыскулов, ҚазҰӨУ «Музыкалық орындаушылық» факультетінің аға оқытушысы, магистр, PhD докторанты) Семинар барысында шебер ұстаздар сабақтың мақсатын, ондағы тапсырмалардың сәйкестігін, ерекше білімде берілетін жұмыстың жүйесін, бағалаудың тиімділігін көрсете отырып, тұтас бір сабақтың құрылымын жасап шықты.
Семинар соңында ұлттық музыкалық аспаптары мен композиторлардың ән жинақтары, бағдарламалар көрмесіне қатысушы шебер ұстаздарымыз өз еңбектерімен таныстырды. Музыка мұғалімдеріне арналған «Мектептегі музыка сабағында жаңа технология әдіс-тәсілдерін қолдану үрдісі» республикалық семинар-практикумының тәжірибе алаңына қатысушылар іс шараға оң бағасын беріп жатты. Семинарға жалпы барлығы 120 музыка пәні педагогтері қатысты.