Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қалалық семинар

2024 жылдың 15 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мен «Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК ұйымдастыруымен  бастауыш сынып мұғалімдеріне «Қалыптастырушы бағалау — табысқа жету баспалдағы» атты қалалық семинар өтті.  

Семинардың мақсаты: Қалыптастырушы бағалауды сабақ барысында жүзеге асыру тәсілдерімен бөлісу. Семинарға қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.  

          Іс шара № 40 мектеп-лицейінің директоры С.А.Уйсимбаеваның алғы сөзімен басталды. Семинардың басты пленарлық бөлімінде Астана қаласы әкімдігінің “Әдістемелік орталығы” МКҚК Орта білім беру бөлімінің әдіскері Н.К. Әзімбай «Жапонияның білім беру жүйесі» жайлы ақпаратпен бөліссе, қала мектептерінен келіп қатысқан №91 МГ мұғалімдері А.А.Жакенова мен Ф.Н.Рысбаева «Қалыптастырушы бағалаудың әдістері»,  №14 МГ мұғалімдері Б.Р.Балхиева мен Г.С.Карибаева «Сабақтың тиімділігін қамтамасыз ететін әдістер және оқыту тәсілдері» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.

Практикалық бөлімінде 8 ашық сабақ пен екі шеберлік сынып көрсетілді. Семинар соңында, ұстаздар семинардан алған әсерлері туралы ой бөлісіп, кері байланыстарын берді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *