«Әдістемелер» байқауының республикалық кезеңі өткізілді

«Дұрыс тамақтану туралы әңгіме» бағдарламасының әдістемелік компонентін жетілдіру және ұлттық мәдениет пен әдет-ғұрыпқа қызығушылықты қалыптастыруға байланысты үздік педагогикалық тәжірибелерді насихаттау мақсатында 2024 жылғы 12 сәуір күні бастауыш сынып педагогтері арасында Алматы қаласында «Әдістемелер» байқауының республикалық кезеңі өткізілді.

Байқауға Астана, Алматы қалалаларының 7 педагогі, қалалық кезең жеңімпаздары қатысып, өз жұмыстарымен таныстырды.

Байқауға  ұсынылған жұмыстар келесі критерийлер бойынша бағаланды:

  • «Дұрыс тамақтану туралы әңгіме» бағдарламасына тақырыптық сәйкестігі;
  • Жаңашылдық және өзіндік ерекшелігі;
  • Методологиялығы;
  • Технологиялығы;
  • Тиімділігі.

Байқау нәтижесі бойынша:

  • Серикбаева Айдана Маратовна – гран-при, Ш. Құдайберді атындағы
    №56 мектеп-лицей;
  • Жакишева Салтанат Кенжегалиевна – 3 орын, Р. Қошқарбаев атындағы
    №44 орта мектеп;
  • Тажибаева Камшат Балгинбаевна – 3 орын, С. Қожанов атындағы
    №64 мектеп-лицей.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *