«Әлемдегі терең сыр ғылыммен ғана ашылмақ…» атты іс-шара

12 сәуір күні Шейх Халифа бен Заид әл-Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейінде Ғылым күніне орай «Әлемдегі терең сыр ғылыммен ғана ашылмақ…» атты мектепішілік іс-шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты: оқушылардың ғылым туралы таным көкжиегін кеңейту, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру арқылы ғылымның әр саласына терең бойлау және  өздерінің зерттеу жұмыстарымен таныстыру.

Іс-шараға Астана қаласы Әдістемелік орталығының «Талдау және мониторинг» бөлімінің әдіскерлері К. И. Баяхметбаева, Р. Р. Айгараева,  «Орта білім беру» бөлімінің әдіскері А.Б. Амирова  және ата-аналар қонақ ретінде қатысты.

Ғылым күніне арналған мерекелік іс-шарада бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен  роботтар дефилесі және қазақ академигі, ғалым-геолог Қаныш Сатпаев атамыздың «Уақыт машинасы»  арқылы осы дәуірге түсуін бейнелейтін мектеп оқушыларының қойылымы көрсетілді.

  Іс-шараның екінші кезеңінде «Лидер»  оқушылардың ғылыми қоғамының ұйымдастыруымен 5-11-сынып оқушыларының  мектепішілік ғылыми жобалар мен бастауыш сынып оқушыларының жоба жұмыстарын қорғады. Пән мұғалімдері әр түрлі форматта дайындаған ғылыми-танымдық сабақтарымен таныстырды.

Алдағы уақытта осындай оқушылардың ой-өрісін дамытатын, ғылымды игеруге деген қызығушылығын арттыратын іс-шаралардың жиі ұйымдастырылса деген ниеттерін білдірді.

Әлемнің терең сырын ашатын, білім шыңына шығатын шәкірттер қатары көбейіп, еліміздің болашағы айқын боларына сеніміміз мол!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған