Әдістемелік десант

2024 жылдың 11 сәуірінде Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы»  МКҚК ТжКББ бөлімінің әдіскерлері Техникалық колледжінің педагогикалық ұжымына «ТжКББ ұйымдарында әдістемелік жұмысты жетілдіру» тақырыбында әдістемелік  десант өткізді.

Іс-шара аясында өткен педагогикалық тренингте заманауи сабақты қызықты өткізудің тиімді жолдары талқыланып, әдіскерлер тарапынан педагогикалық технологияларды қолдану бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді. Колледж педагогтері авторлық бағдарламаларды құрастыру, дайын жобаларды қалалық ғылыми-әдістемелік кеңеске тапсыру мәселесі бойынша толық ақпарат алды. Семинарға қатысушылар әдістемелік десантта талқыланған мәселелердің өзектілігі мен іс-шараның уақытылы өткізілуі үшін ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Іс-шараға 50 педагог қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған