«Инновациялық тәжірибе бойынша педагогтердің жұмыстарын қабылдау және сараптау рәсімі» тақырыбындағы вебинар

2024 жылғы 8-10 сәуірде Әдістемелік орталық «Инновациялық тәжірибе бойынша педагогтердің жұмыстарын қабылдау және сараптау рәсімі» тақырыбында бірқатар вебинарлар өткізілді. Вебинарға мектепке дейінгі ұйымдардың 90 әдіскері, орта, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі 100 орынбасары қатысты.

Вебинар барысында сараптамалық кеңес туралы Ережеге сәйкес қабылдау ережелері түсіндірілді, техникалық және негізгі сараптама бойынша өзекті мәселелер талқыланды, сондай-ақ алдағы отырысқа құжаттарды қабылдау күндері туралы ақпарат айтылды.

Бұл жұмыс бағыты білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушылары үшін маңызды болып табылады, өйткені педагогтердің инновациялық тәжірибе бойынша жұмысы оқу-тәрбие, ғылыми-әдістемелік және басқару процестеріндегі, сондай-ақ білім алушылардың пәндік білімдерін тереңдетудегі бар олқылықтарды шешуге тікелей әсер етеді.

Вебинар барысында құжаттар пакетін рәсімдеу кезінде және жұмыстарды жазуда мұғалімдердің жиі жіберетін қателіктерін атап өтті, сонымен қатар оларды түзету бойынша ұсыныстар берді.

Вебинарлар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жауаптар алды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған