«Ата-ана және жасөспірім-табысты қарым-қатынас» ата-аналарға арналған семинар-тренинг

2024 жылдың 10 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері «Менеджмент, бизнес және білім колледжі»ата-аналарына арналған конструктивті өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту, бала тәрбиесі мәселелерінде ата-аналардың психологиялық білімдерін арттыру мақсатында «Ата-ана және жасөспірім – табысты қарым-қатынас» атты тақырыпта семинар-тренинг өткізді.

Психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері ата-аналарға балалармен  тиімді қарым-қатынас жасау жолдарын көрсетіп, әр түрлі тәсілдерімен бөлісті.

Семинар-тренингтің практикалық бөлімінде ата-аналарға ситуациялық мәселелерді шешуге арналған кейстерді талдау және жасөспірімдермен қарым-қатынаста коммуникативтік дағдыларды дамытуға бағытталған бейнероликтер ұсынылды.

Тренингтің жүргізілген барлық элементтері семинарға қатысушылардың қызығушылығын тудырды, ата-аналар мұндай кездесулердің балалармен табысты қарым-қатынас орнатудағы маңыздылығын атап өтті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған