2024 жылғы 10 сәуірде Астана қаласы әкімдігінің “Әдістемелік орталығы” МКҚК әдіскерлері №4 «Психологиялық-медициналық педагогикалық консультация» КММ мамандарымен бірлесіп мектепке дейінгі ұйымдардың арнайы мамандары үшін «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша ПМПК мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдардың өзара байланысы» оқыту семинарын өткізді.
Іс-шара барысында «Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері» ,« Инклюзивті практика жағдайында ЕБҚ бар мектепке дейінгі жастағы балаларды логопедиялық сүйемелдеу», «Особые образовательные потребности: оценка и поддержка детей в дошкольных организациях образования» «Педагогтардың эмоционалды тұрақтылығы», тақырыбында арнайы логопед, дефектолог мамандарға түзете-дамыту жұмыстары жайлы жан-жақты ақпарат берілді.
Іс-шара соңында №4 «Психологиялық-медициналық педагогикалық консультация» орталығының басшысы, арнайы мамандары әдіскерлермен кері байланыста болып ашық диалог аясында еркін пікір алмасты. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 70-ге жуық әдіскерлері қатысты.