Оқушылардың тұлғалық дамуына арналған тренингтер

2024 жылдың 04-05 сәуір аралығында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлерінің ұйымдастыруымен №№19,75,56 мектеп педагог-психологтарына әдістемелік көмек ретінде шебер-сыныптар ұйымдастырылды.

           Шебер-сынып аясында әдіскерлер жасөспірімдермен рольдік-сюжеттік ойындар арқылы команда құру, позитивті ойлау мен тұрақты өсуге деген ұмтылысты арттыру әдістері, сонымен қатар, эмоционалдық тұрақтылық пен өзіне деген сенімділікті дамыту бойынша жаттығулар өткізді.

          Жасөспірімдерге арналған тақырыптық бейнероликтер ұсынылды, өз қолдарымен ашық хаттар жасап, бір-біріне сыйлады.

         Мектеп педагог-психологтары әзірлемелер, осындай іс-шараларды өткізуге арналған материалдар, жасөспірімдермен қызықты тренингтер өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстар алды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *