2024 жылдың 04-05 сәуір аралығында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлерінің жоспары бойынша №№19,39,75,53,56,66 мектептерде 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған баламен жағымды қарым-қатынасты қалыптастыруда психологиялық білімдерін жетілдіру мақсатында семинар-тренингтер ұйымдастырылды.
Бөлім әдіскерлері ата-аналарға отбасындағы табысты қарым-қатынас туралы бейнероликтер көрсетті, отбасылық тәрбиелеу стильдеріне қатысты ситуациялық рольдік ойындар өткізді, психологиялық ағарту жұмыстары үшін әдебиеттер ұсынды. Іс-шараға қатысушыларға Астана қаласының Білім басқармасының қолдауымен ашылған елорданың бес ауданындағы «Психологиялық-кеңес беру кабинеттерінде» кеңес алу мүмкіндігі туралы толық ақпарат берілді.
Ата-аналар Әдістемелік орталықтың психолог-консультаттарынан көмек алуға қызығушылық танытып, жылы лебіздерін білдірді.