Оқу үдерісіндегі кері байланысты орнатудың тиімді жолдары

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен  03.04.2024 күні Бауыржан Момышұлы атындағы  №53 лицей-мектебінде «Оқу үдерісіндегі кері байланысты орнатудың тиімді жолдары» тақырыбында қалалық оқыту семинары өткізілді.

          Семинарға қала  мектебінің математика, информатика, физика пәндерінің мұғалімдері қатысты.

           «Сабақтағы тиімді кері байланыс – мұғалім жетістігі» диалог алаңында Әдістемелік орталығының орта білім беру бөлімінің әдіскері Нұртаева Қанымай Өзбекбайқызы мұғалімдермен әдістемелік ұсыныстарын ортаға салды.

Семинар барысында спикерлер №66 мектеп-лицейінің мұғалімі, ҚР «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері  Тердікбай Күшай «Кері байланыс жүргізудің тиімділігі» тақырыбында сөйледі. Педагогтер тарапынан сұрақтар қойылып, ашық пікірталас алаңы құрылды.

 Сондай-ақ, №53 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Макимова Дамиля Садыковна «Бағалау және кері байланыс», №39 мектеп директорының орынбасары, информатика пәні мұғалімі Қожахмет Анар Қаирбекқызы «Кері байланыс жүйесін ұйымдастыру» тақырыптарында әріптестермен өз тәжірибелерімен бөлісті.

Жоғарғы дәрежеде ашық сабақтар ұйымдастырылды.

Қатысқан мұғалімдердің кері байланыстары Падлет тақтасы арқылы жүргізілді.

Семинар соңында қала педагогтері спикерлермен ой бөлісіп, кері байланыс жүргізілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *