«Олимпиадалық есептерді шешу жолдары» тақырыбында ұйымдастырылған оқыту семинары туралы

2024 жылдың 29 наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК «Олимпиадалық есептерді шешу жолдары» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Білім беру ұйымдарының математика пәні мұғалімдері олипиадалық есептердің шешу жолдарының тиімді жолдарын шешу тәжірибелерімен алмасты.

Оқыту семинарына қала мектептерінің математика пәні мұғалімдері қатысқан бұл семинарда құнды ақпараттар көп болды.

Әдістемелік орталық әдіскері Қ.Нұртаева жоспары бойынша семинарды «Математикалық регата» түрінде өткізді.

Семинарға Багазиев Роман Фазылович №56 мектеп-лицейінің директоры, математика пәні мұғалімі «Математикалық регата ережесімен таныстыру» және «Теңдеу және теңсіздіктер» тақырыбында, Тұрсұнғалиев Нұрсұлтан Нұрхатұлы №31 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі «Сандар теориясы» тақырыбында, Қалибай Әбілғазы №52 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі «Комбинаторика» тақырыбында, Берикбай Мирахан №56 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі «Геометриялық есептер» тақырыбында тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында педагогтердің ұсыныстары мен кері байланыстары іс-шараның қызықты аяқталуына себеп болды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған