«Математикалық регата» олимпиадасы

2024 жылдың 26-27 наурызында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК «Дарын» орталығы Шығыс Қазақстан облысытық Білім басқармасымен бірлесіп Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» олимпиадасын өткізді.

Мақсаты: педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыру.

Олимпиадаға республикамыздың білім беру ұйымдарының барлық түрлері мен типтерінің математика пәні мұғалімдері қатысты.

Республикамыздың әр облысынан 4 адамнан тұратын 24 команда құрылып Астана қаласы бойынша құрылған команда бірінші орынға ие болды.

Елордалық команданың құрамында Қапатұлы Қилымбек №73 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі, Усенгалиев Кайырбек Шагуанович №87 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі, Әлжан Асқар Сәкенұлы,Талаков Арман Куатулы Riviera International School математика пәні мұғалімдері болды.

Жеңістеріңіз құтты болсын, шығармашылық табыс тілейміз, еңбектеріңіз жана берсін.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған