Әдістемелік десент

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2024 жылғы 29 наурыз күні №36 орта мектебінің педагогтеріне «Әдістемелік десант» жобасы аясында семинар өткізді.

Семинар барысында мектеп ұжымын өтініштері бойынша «Педагог мәртебесі туралы» Заңның кейбір тұстарын сондай-ақ, тәлімгерлік жұмысын ұйымдастыруда тәлімгерлерге қойылатын талаптарды түсіндірді. Сондай-ақ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының ерекшеліктерін айта келіп, тәрбие жұмысындағы негізгі бағыттарда қалай айқындалатындығы туралы айтты.

Десант аясында жалпы орта білім беру педагогтеріне қатысты басқа да өзекті әдістемелік мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда, оқытудың заманауи әдістері, ерекше қажеттілігі бар балалар бойынша жұмысты ұйымдастыру, оқу мотивациясы төмен балалармен және дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру, қорытынды аттестаттауды дайындау және өткізу, әдістемелік бірлестік және сынып жетекшісінің құжаттамасын жүргізу туралы Орталық әдіскерлері толық ақпарат беріп, педагогтермен белсенді пікіралмасты. Педагогтер аталған сқрақтар бойынша өз пікірлерін еркін жеткізіп, ашық пікірталас алаңы құрылды.

Семинар барысында ұжым сұранысына қарай педагогтер тарапынан қойылған сұрақтар қамтылып, алдағы уақытта әлі де сұраныс бойынша әдістемелік көмек көрсетілетіндігі туралы айтылды

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *