«Кәсіби мұғалім» жобасы

               «Кәсіби мұғалім» жобасы елордамыздағы оқыту өзге тілде жүргізілетін мектептердегі  қазақ тілі мен әдебиеті (Т2) мұғалімдерінің  бастамасымен  2024 жылдың қаңтар айынан  бері жүзеге асырылуда. Бұл жобаға  оқытуда кәсіби жетістіктерге жетіп жүрген педагогтер,  Астана қаласы бойынша№13,24,29,42,43,44,69 және Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылының №2 жалпы орта мектебі қатысуда. Жобаның мақсаты:қала маңындағы және қаладан шалғайауыл мектебінің педагогтеріне әдістемелік көмек беру, кәсіби даму жолдарын ұсыну. Әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес, наурыз айының 27-29 күндері семинар өтті.

      27 наурыз күні  Кемел Ақышев атындағы № 69 мектеп-гимназиясында «Кәсіби мұғалім»жобасы  аясында  қалалық семинардың1-күні: «Авторлық бағдарлама: ізденістен нәтижеге дейін» тақырыбында өтті. Іс-шара барысында  «Авторлық бағдарлама жазу алгоритмі», «Оқушылардың коммуникативтік  құзіреттілігін  қалыптастыру жолдары» факультативтік  курс бағдарламасы, 7-сынып», «Рухтаным» қолданбалы курс бағдарламасы, 8-9 сынып»  бойынша әдіскер Г. Бекболатқызы мен Педагогтер Қауымдастығының мүшесі, №72 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі С. Шайсұлтанова өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

           28 наурыз күні  №42 орта мектепте «Кәсіби мұғалім»жобасы  аясында  қалалық семинардың2-күні: «Сабақты тиімді жоспарлау»тақырыбында өтті. Оқыту өзге тілде жүргізілетін мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті (Т2) мұғалімдерінің Қауымдастығының мүшелері аталған іс-шараға белсене араласты. №22 мектеп-гимназиясының  мұғалімі

С. Әукенұлы«ҚМЖ. Сабақты тиімді жоспарлау, талдау», № 85 мектеп-лицейінің мұғалімі Б. Нукебаева «Бағалау тапсырмаларын әзірлеу мен сараптау» тақырыбында шеберлік сыныбын көрсетті.  № 42 орта мектептің педагогикалық ұжымы аталған іс-шараға белсенділікпен қатысты.

         29 наурыз күні  №13 орта мектепте «Кәсіби мұғалім»жобасы  аясында  қалалық семинардың3-күні:«Lesson study:  бірлесе жоспарлау  және сабақты зерттеу» тақырыбында өтті. «Білім сапасын арттыруда зерттеудің маңыздылығы» №72 мектеп-лицейінің  мұғалімі Ж. Сулейменова,  «Lesson Study: зерттеу сабақтарын жоспарлау және бақылау» №16 орта мектептің мұғалімі А.Сатекова,  «Іс-тәжірибедегі рефлексия және оқушы үні» №53 мектеп-лицейінің  мұғалімі  Ш. Медеубаева жан-жақты, толыққанды ақпарат бере отырып, мұғалімдердің  әдістемелік қоржынын толықтырды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған