«Jasper» — мен сөйлесуді үйрену: аутизмі бар балаларға қалай көмектесуге болады» тақырыбында семинар-практикум өтті

2024 жылғы 29 наурыз күні Әдістемелік орталықтың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес Астана қаласының арнайы білім беру ұйымдарының мамандарына арналған «Jasper» мен сөйлесуді үйренеміз: аутизмге шалдыққан балаларға қалай көмектесуге болады» тақырыбында оқыту семинар-практикумы өткізілді.

Орталықтың әдіскерлері «№ 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-нің арнайы педагогтарымен бірлесіп шеберлік сыныптары мен тренингтер өткізді.

Семинар барысында келесі мәселелер қаралды:

— Скринингтік зерттеу әдістерінің сипаттамасы: M-CHAT, CARS шкаласы, Autism Spectrum Screening Questionnaire;

— «JASPER» — аутистік спектрі бар балалармен түзету жұмысында ойын әдістерінің бірі;

— «Jasper» әдістемесі бойынша балалардың ойын және коммуникативтік дағдыларын бағалау;

— Арт-терапия әдісінің балалар қорқынышын түзетудегі маңыздылығы.

40-қа жуық маман қатысқан семинар-практикум қызықты және танымды өтті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *