Мектепалды топтары/сыныптары педагогтері арасында «Үздік бейне ұйымдастырылған іс-әрекет» қалалық байқауы өз мәресіне жетті

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мектепке дейінгі ұйымдарының мектепалды топтары, орта білім беру ұйымдарының мектепалды сынып педагогтеріне арналған «Үздік бейне ұйымдастырылған іс-әрекет» қалалық байқауын өткізді.

Байқау ережесіне сәйкес Ұйымдастыру алқасы мен Байқау комиссиясы құрылды.

Байқау комиссиясы бейнематериалдарды бағалау барысында ұйымдастырылған іс-әрекетті ұйымдастыру әдіс-тәсілдеріне, ойынның тиімді таңдалуы, мектепалды топ/сынып балаларының жас ерекшелігіне сәйкестігі, ресімделуі мен түсірілім сапасына, өзіндік ерекшелігіне, шығармашылық даралығын көрсете білуіне назар аударып, соған сай шешім шығарды. Бейнематериалдардың ішінен үздігін таңдау оңай емес, дегенмен, әр сайыстың өз жеңімпаздары болатынын атап өткен жөн.

І орын – №37 «Арман» балабақшасының мектепалды топ тәрбиешісі Байкенова Даметкен Булегеновна;

ІІ орын – №84 «Кәусар» балабақшасының мектепалды топ тәрбиешісі Ешназарова Лаззат Базаркелдиевна;

ІІІ орын – №31 «Ақ сұңқар» балабақшасының мектепалды топ тәрбиешісі Шумекеева Жанагуль Сагидуллаевна.

«Шығармашыл педагог» номинациясы – «Alpamys school» ЖШС мектепалды сынып педагогі Айтжанова Жадра Айтпаевна;

«Жаңашыл педагог» номинациясы – №37 «Арман» балабақшасының мектепалды топ тәрбиешісі Султанбекова Сабира Сейдахметкызы;

«Ізденімпаз педагог» номинациясы – № 61 мектеп-гимназияның мектепалды сынып педагогі Аргынбекова Калампыр Мешитбаевна.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған