«Оқуға құштар мектеп» жобасы

Астана қаласының Әдістемелік орталығы Абай Құнанбаев атындағы № 87 мектеп-гимназиясында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында білім беру ұйымының педагогтері мен кітапханашыларына балалардың оқу дағдыларын дамытуға тиімді ықпал ететін әдістер мен тәсілдер бойынша тәжірибе алмасу мақсатында «Оқуға құштар мектеп – табысты мектеп» атты қалалық семинар өткізді.

Семинар барысында қатысушылар кітап оқудың тиімді әдістемелері, білім алушыларда оқу дағдыларын дамытудағы және мектептегі білім беру процесін қолдаудағы кітапханашылардың рөлі, балаларда сыни ойлау және талдау дағдыларын дамыту мақсатында оқу бағдарламалары мен пәндерге интеграциялау тәсілдерін қарастырды. Сонымен қатар, балалардың оқу дағдыларын дамыту және білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін идеялармен ақпарат алмасты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *