Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қалалық семинар-практикум

2024 жылдың 27 наурыз күні  Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мен № 28 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен  бастауыш сынып мұғалімдеріне  арналған «Заманауи технологиялар арқылы бастауыш сынып оқушыларының кітап оқу құзіреттілігін қалыптастыру» тақырыбында семинар-практикум өткізді.

Семинардың мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының кітап оқу құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған әдіс –  тәсілдерін меңгеру мақсатында бастауыш  сынып мұғалімдерінің тәжірибе алмасуы.

Мектеп директоры Кусаинова Айгуль Жексенбаевна  білім ордасының бастауыш сыныптары туралы алғы сөз сөйлеп, Әдістемелік орталықтың әдіскері Нұржамал Кәрімбердіқызы «Жапондық білім беру жүйесі ерекшелігі» тақырыбында ой бөлісті.

  Өткізілген  іс-шара оқу құзыреттілігін айқындауға үлес қосып, мұғалімдердің теориялық, практикалық білімдерін ұштастырып, терең ойластыруға, кәсіби дамуына, бастауыш сынып оқушыларының жетістігіне және заманауи технологияларды тиімді қолдануға ықпалын тигізді.

 Іс-шараға қатысушылар екі секцияға бөлініп А.Темирова, Г. Құдайбергенова, О. Калюжина, В.Бессонова, Н. Кабылко, А. Фасиева, С. Сиренко, А. Жугинисова, А. Мустафинова , Е. Головизина, Н. Овсянникованың  ашық сабақтары мен шеберлік сыныптарына қатысты.

Семинар соңында, іс-шараға қатысушылар алған әсерлері туралы ой бөлісіп, кері байланыстарын берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған