«Ата-ана мен жасөспірім арасындағы табысты қарым-қатынас» ата-аналарға арналған оқыту семинары

2024 жылдың 19 наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» психологиялық сүйемелдеу бөліміжұмыс жоспарына сәйкес елорданың No 30, 58, 59 мектептерінде ата-аналардың балалармен жағымды қарым-қатынасын қалыптастыруда психологиялық білімді жетілдіру мақсатымен ата-аналарға арналған «Ата-ана және жасөспірім -табысты қарым-қатынас» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Бөлім әдіскерлері қаламыздың бес ауданында жұмыс істеп тұрған психологиялық кеңес беру кабинеттері туралы, сондай-ақ психологтан тегін кәсіби кеңес алу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.

Ата-аналармен жұмыс қазіргі уақытта мектептегі психологиялық қызметтің маңызды бағыттарының бірі болып табылады, ол баланың айналасында жалпы тәрбие «өрісін» қалыптастыру, тәрбие процесі барысында ересектердің ықпалында жүйелілікті қамтамасыз ету арқылы балалардың психологиялық денсаулығын сақтауға бағытталған процесс.

Сондықтан бөлім жұмысының бұл бағыты басымдырақ және алға қойылған міндетті орындауға бағытталған.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *