Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарының басшыларына оқыту семинары өтті

2024 жылғы 19 наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасы және «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарға сәйкес №34 «Ақ бидай» балабақшасында инклюзивті қолдау кабинеттерін ашу жоспарланған 24 мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшыларына арналған «Инклюзияны қолдау қабинетінің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Бүгінгі таңда Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарда 4 инклюзивті қолдау кабинеті бар, сонымен қатар, 20 балабақша мен 3 шағын орталықта инклюзивті қолдау кабинеттері ашу жоспарлануда

Семнар барысында №34 «Ақ бидай» балабақшасының меңгерушісі Н.А. Бадакова «Инклюзияны қолдау қабинетін ашу алгоритимі» тақырыбында жүргізілетін құжаттардың жұмысы жайлы тоқталып өтті. Инклюзивті қабинетті қолдау кураторы, «Болашақ» корпоративтік қорының мінез-құлық талдаушысы Е.С. Смолыгина «Куратор – ИҚК мұғалімі – тәрбиеші – тьютор – бала» тақырыбында бірлескен жұмыстың іс-әрекетіндегі нәтижесін түсіндіре отырып балалармен жасалатын жұмыс түрлерін көрсетті. Сонымен қатар «Ерекше бала – ерекше ата-ана» инклюзивті қолдау кабинетіндегі педагогтары мен ата-аналардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру жұмыстары көрсетіліп, «Ерекшелігі бар балалардың педагог-ассистентпен сүйемелдеуінің маңыздылығы» «Инклюзияны қолдау кабинетінің құжаттамасы» тақырыптарында ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жасалатын жұмыстың тиімділігі мен инклюзивті қолдау кабинетіндегі жұмыс ерекшеліктері таныстырылды.

Семинарға қатысушылар кері байланыста болып, ашық диалог аясында еркін пікір алмасты. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған