«Абай шығармаларындағы ұлттық құндылықтар» қалалық семинар

12.03.24 ж. Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК Б. Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып бірлестігі бірлесіп, «Бала Абай» эксперименттік алаң аясында Абай Құнанбайұлының, кемеңгер тұлғаның, келешекке қалдырған алтын қазынасын дәріптеу мақсатында «Абай шығармаларындағы ұлттық құндылықтар» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинардың негізгі тәжірибе алмасу алаңында 1, 2, 3-сыныптарда Оспанова Сандугаш Кабдикаримовна, Садвакасова Гульнур Турарбековна, Джолдасова Нургул, Досанова Жадыра Жумагазиевнаәр ұстаз өз іс-тәжірибесімен бөліскен ашық сабақтар өткізсе, Мұқантай Құралай Рашитқызы, Абжанова Земфира Амантаевна, Ахтанбекова Мадина Ардаққызы, Ахмериден Арайлым Ержанқызы, Баймакашова Нигора Махмудалиқызы, Аралбаева Гүлзинат Әмзеқызы, Кызаева Айнур Муфталовна, Жакиенова Жулдыз Айтуаровна сыныптан тыс іс-шаралар және зерттеу жобаларын ұйымдастырды. Кунафина Динара Агзамовна, Калмурзина Гулзат Кажымухановна, Жунусова Кызгалдак Кайырбековна, Уайсова Кызгалдак Тлеугабыловна, Орынбасарова Райхан Исрайловна, Макашева Эльмира Койшыбаевна, Кожахметова Зайра Абилхасовна әдеби композициялық қойылымдар қойып, «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» қорытындылау бөлімінде ұстаз, шәкірт, ата-ана үштік одағының жұмысы көрініс ретінде көрсетілді.

Семинарға Астана қаласы бойынша «Бала Абай» жобасының авторы Алмахан Мұхаметқалиқызы, «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері, «Бала Абай» эксп.алаң жетекшісі Маман Жанар Сейдахметқызы қатысты. Қала мектептерінен 62 ұстаз өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін айтып, кері байланыс жасады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған