Әдістемелік көмек

2024 жылы 12-14 наурыз күндері Астана қаласы Әдістемелік орталығының мамандары Астана қаласы Білім басқармасының 2024 жылғы 02 ақпан күнгі №194 бұйрығына сәйкес құрылған топ мүшелері мемлекеттік аттестациядан өтетін №40 мектеп-лицейіне және №42 орта мектепке әдістемелік көмек жұмысын ұйымдастырды. Іс-шара барысында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары бойынша әдістемелік көмек көрсетілді. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау өлшемшарттары, сауалнама жүргізу, оқыту нәтижелерін, өзін-өзі бағалау құрылымымен таныстырылды.

Білім беру ұйымын бағалаудың негізі критерийлері, өзін-өзі бағалауды зерделеу бағыттары мен обьектілері түсіндірме жұмысы жүргізіліп, әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес қосымшалардың толтыруына көмек көрсетілді. Мектеп әкімшілігі тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған