Мектепке дейінгі дене шынықтыру нұсқаушылары арасындағы ұлттық спорттық ойын спартакиадасы өтті

2024 жылдың 14 наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы» МКҚК, Астана қаласының «Асық ойыны» федерациясы және мектепке дейінгі ұйымдардың дене шынықтыру ассоциацияның ұйымдастыруымен асық ату және бес асықты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұлттық спорттық ойын спартакиадасы өтті.

Спартакиадаға Астана қаласының «Есіл», «Сарыарқа», «Алматы», «Байқоңыр», «Нұра» аудандары бойынша дене шынықтыру нұсқаушыларынан құралған ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті 2011 жылы бекітілген қолданыстағы жарыс ережесі бойынша команда құрамы 3 ер, 3 әйел (асық ату – ерлер, бес асық – әйелдер) өткізілді.

Нәтижесі төрешілер алқасының қадағалауымен топтық айналмалы жүйесі арқылы бағаланды.

Спартакиада қорытындысы:

I – орын әйелдер арасында «Сарыарқа» , ерлер арасында «Байқоңыр» ауданы;

II – орын әйелдер арасында «Нұра», ерлер арасында «Сарыарқа» ауданы;

III – 3 орын әйелдер арасында «Алматы» ауданы, ерлер арасында «Алматы» ауданы иеленді.

Барлық қатысушылар ынталандыру дипломмен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

One comment

  1. Ұлттық спорттық ойын спартакиадасы әр білім орындарында дәл осындай жоғары деңгейде жүргізсе, жалпы қоғам қосалып, спорттық сауаттылық көтеріледі.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған