«Әдестемелер» байқауын өткізу ережесін талқылау

2024 жылғы 13 наурыз күні «Салауатты тамақтану мектебі» жобасы аясында өтетін қалалық «Әдестемелер» байқауын өткізу ережесін талқылау мақсатында әдістемелік-нұсқаулық онлайн кеңес өтті. Іс-шараға білім беру ұйымдарынан 100-ден астам педагогтермен әдіскерлер қатысты.

Отырыс барысында байқауды өткізу кезеңдері таныстырылды, атап өтсек,

  • 1-кезең-мектепішілік, өткізу уақыты 2024 жылғы 10-наурызға дейін;
  • 2-кезең (іріктеу)- өткізу уақыты 2024 жылғы 18-28 наурыз аралығында;
  • 3-кезең (күндізгі)-қалалық, өткізу уақыты 2024 жылғы 10 сәуірге дейін.

Сонымен қатар, байқаудың қалалық кезеңіне ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар, бағалау критерийлеріне қатысты мәселелер талқыланды.

Семинар соңында қатысушылар байқау ережесі бойынша туындаған сұрақтарға жауап алып кері байланыстарын берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған