Оқу және тәжірибе бойынша воркшоп

13 наурыз күні Астана қаласындағы №59 мектеп-лицейінде «Тіл төңкерісі: оқу және тәжірибе» бойынша воркшоп өтті. Оқыту өзге тілде жүргізілетін мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері аталған іс-шараға белсене қатысты. Атап айтар болсақ, Әдістемелік орталығынынан Г. Бекболатқызы «Кинопедагогика: оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту», №6 мектеп-гимназиясынан В. Султанова «Ң» дауыссыз дыбысының жазылу ерекшеліктері», №36 орта мектебінен М. Саттыбаева «Қазақ тілін ертегі терапиясы арқылы үйрету», №27 мектеп-лицейінінен А. Хамитова «Жобалап оқыту технологиясы арқылы қазақ тілін меңгерту ерекшеліктері», №89 мектеп-лицейінен Б. Хавдалсейт «Педагогикалық дизайн – тіл үйренудегі тиімді құрал», №59 мектеп-лицейінен С. Кабылбекова, Ж. Куанышева «Тренд түрлері. Геймификация тренді», №5 мектеп-гимназиясынан Г. Боканова «Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінен сөйлеу дағдыларын дамыту жолдары», №1 мектеп-лицейінен М. Хасенова «Bookstorming:оқушыларды кітап оқуға қалай қызықтыруға болады?» тақырыптарында өз жұмыстарын көрсетті. Өзге тілді ортада Тілді үйретудегі өз шығармашылықтарымен бөлісті. Қатысушылар көптеген инсайттар алғанын айтып, тиімді кері байланыс берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған