Оқу процессіне эксперименттік алаңдар бағдарламаларын енгізу жолдары

2024 жылғы 13 наурыз күні «ONLINE Әдіскер» жобасы аясында «Оқу процессіне эксперименттік алаңдар бағдарламаларын енгізу жолдары» тақырыбында онлайн семинар өтті. Семинарға елорданың білім беру ұйымдарынан 100-ден астам педагогтермен әдіскерлер қатысты.

Семинар барысында эксперименттік білім беру бағдарламаларын әзірлеуге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы «Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде қойылатын талаптар талқыланды.

Сонымен қатар, қатысушылар 2023-2024 оқу жылы ашылған эксперименттік алаң баңдарламаларымен сәтті жұмыс жасап жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесімен танысып, ой пікір бөлісті.

Семинар соңында қатысушылар жұмыс барысында туындаған сұрақтарға жауап алып кері байланыстарын берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған