Ағымдағы жылдың 5-6 наурыз аралығында Шымкент қаласында «Инклюзия: теориялық және практикалық аспектілер» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Осыған орай Астана қаласынан делегация Шымент қаласына барып қайтты. Конференция барысында арнайы білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланып, ғылыми-практика тұрғысынан шешу жолдарын қарастырды. Конференция аясында пленарлық мәжілісте «Инклюзивті оқыту мәселесінде ЕББҚ бар оқушылармен жұмыс жүргізетін педагогтерге әдістемелік қолдаудың маңызы» тақырыбында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы»МКҚК арнайы және инклюзивті білім беру бөлімінің басшысы С.Касымканова баяндама жасап, Астана қаласында инклюзивті білім беруді іске асырудың негізгі ерекшеліктеріне тоқталды. Конференция соңында практикалық бөлімінде Шымкент қаласының бірнеше білім беру ұйымдары өз тәжірибелерімен бөлісті.